14
сентябрь
2023
Ниязова Фарида Бижигитовна
Мен Ниязова Фарида Бижигитовна 1967ж 27 наурызда Жаңақорған ауданы Талап ауылында өмірге келдім.1984ж Келінтөбедегі №192 жалпы орта мектепті бітірдім.Сол жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педогогикалық институттың география факультетіне оқуға түсіп ,сол институтты География мұғалімі мамандығы бойынша диплом алдым. 1986-1989 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы Қазығұрт атындағы арнаулы мектеп интернатта тәрбиеші мұғалім болып жұмыс атқардым.1990 ж №110 мектепке география пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым.2008 ж №110 мектеп директорының кәсіби бағдар беру ісі жөніндегі орынбасар қызметіне ауыстым, 2008 ж кәсіби бағдар беру ісі жөніндегі орынбасар қызметінен оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым.2011 ж №125 орта мектебіне оқу ісі жөніндегі орынбасар болып тағайындалдым.2012-2015 ж №224 орта мектептің директоры болып жұмыс жасадым.2015 ж №256 орта мектеп директор болып тағайындалдым.2021 ж № 86 жалпы орта мектеп директоры, 2022 ж № 254 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып жұмыс жасадым.2023 жылдың маусым айынан бастап №110 мектеп-лицейінің директоры болып жұмыс жасап келем.Тұрмыс құрғам, екі қызым бір ұлым бар.