Мектеп тарихы
№110 мектеп-лицейі 1996 жылғы 28 мамыр күні Жаңақорған ауданы әкімінің №1144 санды шешіміне сәйкес №17 кәсіптік-техникалық училище жанындағы екі қабатты ғимаратта 420 оқушымен орталау мектеп болып ашылды.
1997 жылы 12 наурызда аудан әкімінің №214 шешіміне сәйкес №110 орта мектеп болып қайта құрылды. 20 сынып комплектісінде 551 оқушыға 61 мұғалім дәріс берді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған 1200 орындық жаңа ғимаратқа 2012 жылдың ақпан айында көшірілді.
2012 жылдың 25 қыркүйегінде аудан әкімдігінің №61 қаулысымен «мектеп-лицей» болып қайта құрылды. Мұнда негізінен жаратылыстану бағытында 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі аралықта тереңдетілген бағдарламамен оқитын іріктелген сыныптар бар. Ол сыныптарға келісім-шарт бойынша Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет мұғалімдері қосымша сабақтар береді.
Биылғы оқу жылында мектепте 58 сынып комплектісі, 7 мектепалды даярлық тобы бар. Барлығы 1588 оқушы білім мен тәрбие алуда.