Қамкоршылық кеңес хаттамасы » №110 мектеп-лицей
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"«№110 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7243) 52-50-94
Есепші бөлімі:
+7(7243) 52-50-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамкоршылық кеңес хаттамасы
26
январь
2018

Қамкоршылық кеңес хаттамасы

Хаттама №1
2017 жылдың 26 қыркүйегінде №110 мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы болып өтті
Жиналысқа қатысуға тиісті-418
Қатысқаны: 398
Күн тәртібінде: Мектеп –лицейдің Қамқоршылық кеңес құрамына мушелер ұсыну
Тыңдалды: Мектеп-лицей ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Әлайдаров жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
27 шілдедегі №355 бұйрығы бойынша, № 110 мектеп-лицейде қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидалармен таныстырды.
Үлгілік қағиданың1-тарауындағы «Жалпы ережелер» бөлімімен таныстыра келе,2- тараудағы «Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі жәнеқұрамы»бөлігіне жан-жақты тоқталып, түсіндірме жасады.Қағиданың7.тармағында көзделген 5 тармақша бойынша кеңес құрамына
1)жергілікті өкілдік атқарушы жәнеқұқық қорғау органдарының өкілдері
2)жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері
3)коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса)
4)ата-аналаркомитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі
5)қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіре алатындығын атап өтті.
Мұнан кейін Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі,кеңес жұмысын ұйымдастыру, тоқтату тәртібі түсіндірілді.
-қамқоршылық кеңесінің міндеті - оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіруге көмек көрсету: тереңдетілген бағдарламалар, ғылыми жобалар әзірлеуге, балалардың қабілеттерін дамытатын шығармашылық зертханалар құруға қатысу;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту педагогтерді
сапалы жұмыс істеуге ынталандыру;
- әлеуметтік-мәдени және сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмектесу;
- тәрбие және оқыту саласындағы ынтымақтастықты орнату мен дамытуға атсалысу;
- күнкөрісі төмен отбастарынан шыққан және жетім балаларға көмек көрсетуге, дарынды балаларға қолдау көрсету және ынталандыруға бөлінетін қаражатты қолданудың тәртібін белгілеу, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылатындығын айтты.
Шығып сөйлегендер:
1- сынып ата-аналар комитетінің төрайымы- Ә.Палманова, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан Ә.Оразгелдиевті, 2- сынып ата-аналар комитетінің төрайымы- Мырзахметова Айжан ,Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан - Шайықов Мақсатты, 3- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Ахметова Мария , Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан Алжан Анжеликаны, 4- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- А.Битабаров, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан-Төлепбергенова Айжамалды, 5- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Әбдреймова Жазира, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан-Мамадиев Мақсатты, 6- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы-Г.Мырзабаева Майра, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан-Искендиров Абайды, 7- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Қалымбетова Айгүл, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан- Шаханов Қуатты, 8- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Байсынова Кенжегүл, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан-Мырзатаев Батыршаны, 9- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Исаева Рахат, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан - Өтепбергенов Еркебұланды, 10- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Сейданова Назира, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан –Жұмабаева Тәрбиені, 11- сынып ата-аналар комитетінің төрағасы- Бүрісбаева Бибісара, Қамқоршылық кеңес құрамына сынып атынан –Мұханов Мейрамды ұсынды.
Мектеп-лицей ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Әлайдаров мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердіңқұқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп инспекторы Е.Әбдраманов, тұрмысы төмен отбасы балаларына, жетім және толық емес отбасының балаларына жыл сайын қайырымдылық көмектер көрсетіп жүрген М.Музарапты,С.Мұсабайды,А.Реметовты,Таспулатов Бақытжанды ұсынды.
Шығып сөйлегендердің ұсыныстарын талқылай келе, дауысқа салу тәртібімен,ата-аналар жиналысы бірауыздан шешті:
№110 мектеп-лицейі бойынша Қамқоршылық кеңес құрамы 17(он жеті) адамнан құралып, құрамына төмендегі өкілдер ұсынылсын:
№ Қамқоршылық кеңес мүшесінің аты-жөні Лауазымы Жұмыс орны ,қызметі
1 Әлайдаров Әбушахма Ата-аналар комитетінің төрағасы Жеке нотариус
2 Махмутов Музарап Ардагерлер кеңесінің төрағасы , мүшесі зейнеткер
3 Мұсабай Серік Аудандық Нұр Отан партияның саяси бюро мүшесі зейнеткер
4 Әбдраманов Ермұхамбет Ішкі істер бөлімінің маманы,мектеп инспекторы ЮПТ-мойор
5 Реметов Абдулла Жеке кәсіпкер ИП,жеке кәсіпкер
6 Тасбулатов Бақытжан Жеке кәсіпкер ИП,жеке кәсіпкер
7 Оразгелдиев Әшірәлі 1 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі Ауд. Ауылшаруаш. Бөлімінде маман
8 Шайықов Мақсат 2 сыныптың ата- аналар комитетінің төрағасы мүшесі ИП,жеке кәсіпкер
9 Алжан Анжелика 3 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі Жер комитетінде
кадастр
10 Төлепбергенова Айжамал 4 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі зейнеткер
11 Мамадиев Мақсат 5 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі ИП,жеке кәсіпкер
12 Искендиров Абайхан 6 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі ИП,жеке кәсіпкер
13 Шаханов Қуат 7 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі ЦРБ жұмысшы
14 Мырзатаев Батырша 8 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі Жеке кәсіпкер
15 Өтепбергенов Еркебұлан 9 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі ИП,жеке кәсіпкер
16 Жұмабаева Тәрбие 10 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі ИП,жеке кәсіпкер
17 Мұханов Мейрам 11 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағасы мүшесі ИП,жеке кәсіпкер

Ата-аналар жиналысының төрағасы Ә.Әлайдаров
Хатшысы Э.Серікбаева




Похожие публикации:

25 январь 2018 №110 мектеп-лицей
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив